пятница, 28 августа 2015 г.

Басты бет






Мен қазақпын, жүре алмайтын
Шаттанбаса күлмесе,
Мен қазақпын
Ішкен асын тастай салар жыр десе                                                                                          Т.Досымов




Армысыздар құрметті оқырмандар!

         Мен блогымды қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын Табылды Досымовтың 50 жылдығына орай оның шығармаларын насихаттауға арнап отырмын.
         Табылды Досымов аса дарынды ақын, сазгер, әрі өз туындыларын шебер орындаушы тума талант. Ақынның сыршыл да сұлу, сағынышқа, сезімге, тәтті мұңға толы әндері айрықша. Оның өлеңдерінен өршіл рух атойлап тұрады.


         Табылдының бардтық әндерін тыңдаған жан еңсесін көтеріп, елім деп еміреніп, жұртым деп жалындайтыны анық. Сіз бард ақын Табылды Досымов туралы, оның    шығармалары туралы мағлұмат алуыңызға осы блоктың  тигізер көмегі  зор  деп ойлаймын. Сіздердің блоктарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.

Комментариев нет:

Отправить комментарий