XX ғасырдың 80-90 жылдары студенттік өмірге аяқ басқан
жастар Табылдының әндерімен қауышатын. Жастық дәурен - қызығы мол думанды
кездерге толы. «Көңілді отырыс өтеді, ән айтылады, би кеші болады»,- десе
жастардың елең етіп, бар ісін ысырып қоятыны айдан анық. Есте мәңгі қалатын отырыстарда
гитара асынған қазақтың қара домалақ баласы, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды
Досымов өзінің иірімге толы лирикалық әндерін шырқап, кештің шырайына өң беріп
тұратын. Бірте-бірте алпамсадай Табылдының өзі сол бір кеште отырмаса да, бүкіл
қазақ жастары әндерімен тербелді.
Ол серіліктен де
алыс емес еді. Ақан серілердің арқада өткізген серілігі, салдығы алып шаһар
Алматы қаласына ауысып, нағыз романтиканы суреттеді. Болмысы бөлек бард ақынның
өміріне, шығармашылығына, поэзиясына, әндерінің әуендеріне 1986 жылы болған
оқиға үлкен өзгеріс алып келді. Өйткені елім деп, жерім деп алаңға шыққан
жалынды жастардың қатарында Табылды да
болатын. Желтоқсан дүмпуінен кейін Табылды Досымов оқудан шығарылып, туған
жерге кетуге мәжбүр болды. Бір жылдан соң, әсем қала Алматыға қайта келіп,
оқуын жалғастырады. Бір жыл мәдени ошақтан алыс бола тұра, шығармашылықтан қол
үзбей, жастарға өнеге боларлықтай бардтық үлгіде патриоттық, ұлтқа деген
сүйіспеншілікті оятар әндер алып келді. Бард, біздіңше жырау. Бардизм португалия халқының
гитарамен айтылатын жеңіс жырларынан бастау алады. Сол бір жеңіс тұғырынан
көрінген тәуелсіздік «Желтоқсандағы жыр-ән», «Қазақ едім дегенше...», «Әулет
диалогы» және т.б. жырларының өмірге келуіне себепші болды.
Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде дүниеге келді. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдап, 1983-1985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеді. 1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның құрылуына атсалысқан. 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы мемлекеттік филармонияда шығармашылық жұмыстармен айналысқан. «Желтоқсанның жебесі» атты жас талаптар тобының жетекшісі. 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы. 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарды. 2000 жылдан бері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. «Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының авторы. 2000 жылы – Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты. 2003 жылы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. 2010 жылы 19 қазан айында 45 жасына қараған шағында өмірден өтті. Құдды бір өзінің өлімін сезіп кеткендей. Нағыз ұлылар өз болашағына байлам жасап, өмірінің жетер жерін айтып кеткен. Мінекей, арыстандай Табылды осылардың бірі еді. Оның салған әні, өткір сөзді поэзиясы халық жүрегінен мәңгіге орын алды. Лапылдап өткен маздақ жан.

Комментариев нет:
Отправить комментарий