«Біз
тірісінде дарынды бағалай білмейтін халықпыз, ал Табылды өзінің ақындығы,
композиторлығы, әншілігімен бүкіл елімізге белгілі үлкен өнер иесі еді».
Әбіш Кекілбайұлы мен Фариза Оңғарсынова
«Табылды қазақ дәстүріндегі сал-серілік өнердің сорабын
жаңғыртып, оны бүгінгі заманға өзінше лайықтап, ерекше өнерімен жалпақ жұртқа
кеңінен танылған сегіз қырлы, бір сырлы жан еді».
Иманғали Тасмағамбетов
«Табылды – қазақтың тұңғыш бард-ақыны! Оған дейін өз заманының тынысын
гитараның үніне қосып жеткізген дарын ұлтымызда болған жоқ. Өкінішке қарай,
одан кейін де ешкім көрінбей тұр.»
Бауыржан Бабажанұлы
«Табылдының әндері ерекшелігі – қазаққа саңылау салғандығында. Тыңдарман
жүрегіне бірден жол тапқан «Мен саған ғашық емес-ем», «Биіктік», «Ұнатамын мен
сені», «Қазақ едім дегенше» ерекше мәндегі әндер емес пе? Сексенінші жылдардың
соңында «Қазақ үшін Высоцкий мен Окуджава сияқты бардтар бір төбе де. Табыл бір
төбе болғаны айқын-ау, айқын!»
Есмұхан Жанизин
«Қарапайым жұртшылық оның шығармашығымен жақсы таныс болғанымен, тірі
кезінде ол шынайы бағасын ала алмады. Өнер ортасынан жырақтау жүрсе де, оның
бір жақсы қасиеті – ел ішінде елеусіз жүрген жас дарындарға ұнемі қолдау жасап,
соларды жарыққа шығарып, халыққа таныту жағына аса мән беретін.»
Жұмабай Құлиев
«Табылды – тағдырлы ақын. Сыршыл да, жыршыл да жүрек заманның заһарына,
қатыгез жандардың қаһарына шыдас бермей, өзінен бұрыңғы Төлеген, Мұқағали,
Жұмекен ағаларының жолын құшты.»
Зәкәрия Сисенгали
Комментариев нет:
Отправить комментарий