...Үтірмен
Сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің
Өлең-өмір тұр бітпеген.
Бергі жағында үтірдің
Өлең-өмір тұр бітпеген.
Табылды
ДОСЫМОВ
ТАБЫЛДЫҢ ӘНІ
Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Мен кепіл мәңгі бақи тұрмасына.
Бір күні құдайыңнан хабар келсе,
Шығасың сен де, құрбым, қыр басына.
Қайғырып досың түгіл бақталасың,
Кеудеңде сағат-ғұмыр тоқтағасын,
Қалдырып мынау жалған дүниені,
Келмеске мәңгі бақи аттанасың.
Сол жаққа аттанасың бәрі барған,
Қалады көкірегіңде алып арман.
Қалады аузыңда сары тісің,
Қалады гаражыңда сары «Волгаң».
Біреуде ақшаң қалар қарыз алған,
Мұрныңды шақшаңқалар зәрі жарған.
Он бөлме үйің қалар, қиын болар,
Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған.
Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді,
Ақшаңды миллионға жеткіз, мейлі.
Сенімен қырсық құдай о дүниеге,
Сом түгіл соқыр тиын өткізбейді.
Сұм ажал қайыршы емес тиын сұрар,
Бір күні қу жаныңды бұйымшылар.
Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен,
Табылдың құтылуы қиын шығар.
Біз түгіл құтылмаған алып Абай,
Білмедім о дүниенің халі қалай?!
Табылдың бір кездегі әні екен деп,
Соңымнан зарлап жүрсін қалың адай.
Жігіттер, артық айтсам, кінә тақпа,
Батайық күліп-ойнап рахатқа.
Өмірден кәрі де өтер, бәрі бекер,
Берілген тірлік бізге прокатқа.
АЯУЛЫ ДОС БАУЫРЖАН ҮСЕНОВ ҚАЗАСЫН ЕСТІГЕНДЕ
Мәңгі бақи мекенімді,
Табу үшін Дендерден,
Мен де бір күн кетерме екем,
Бақұлдасып сендермен.
Махаббаттың жыршысымен
Қалу үшін қоштасып,
Қабіріме келер мүмкін қос ғашық.
Достар, сонда қабіріме келмеңдер!
Тірілерді танымайды өлгендер!
Тауым қайтып орындалмас опасы жоқ арманнан,
Мен де біркүн жоғалармын мынау жәләп жалғаннан.
Мендік жүрек сөнер ме екен, өлер ме екен мәңгілік,
Талай сеніп, талай рет алданған.
Достар, босқа көз салмаңдар табытқа.
Мен сендерді күтем ылғи тамұқта!
АТЫРАУДАҒЫ КӨКТЕМ
АТЫРАУДАҒЫ КӨКТЕМ
Құлағымда құс әні қалып,
Тереземнен кепкенде қырау.
Қуанышын құшағына алып,
Келіп қапты көктем де мынау.
Бойы балқып мөлдір ағынға
Буырқанып жатыр-ау далам.
Тереземнің арғы жағында,
Қол бұлғайды Атырау маған.
Көктемеден бір хабар аңсап,
Жүрегімнің оты лаулайды.
Көк жүзінде тырналар ән сап,
Тыраулайды... Атыраулайды.
МОЙЫНДАТУ
МОЙЫНДАТУ
Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.
Қол бұлғарда қайғымменен реңдес Күн,
Жұлдыздарды жоғалған түсендестім..
Падишасын жоқтады патша көңіл,
Тәңір жаққа тепсінді күрең бестім.
Жігер отын жандырдым шапшаң барып,
Бұрын тұтата алмап ем тоқсан налып.
Күреңімді қамшысыз көкке өрлеттім,
Көсіп-көсіп аттым да... шақшамды алып.
Көкке қарай кер мінез байқатқасын,
Енді кімін жіберіп айтақтасын.
Көптен бері көрінбей кеткен Құдай,
Көк жүзінде тұр екен шайқап басын...
СӨЗ СОҢЫ
...Үтірмен
Сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің
Өлең-өмір тұр бітпеген.
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің
Өлең-өмір тұр бітпеген.
... Тылсым
жыр атты орманда,
Ойлы
өлеңдерге шеп құрып.
Асқақ
Алатау арманға,
Алқынбай
жету – тектілік!
Осылай
деуді құп көрдім,
Оқырман,
сен қой нүктесін.
Адамдық
ғұмыр біткен күн,
Ақындық
ғұмыр бітпесін!
Ұнатады
шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды...
Толағай боп туылмадым, әттең ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды...
Шыңды
армандап төбесі көк сүзгілер,
Экраннан Эверестке үздігер.
Обаны адыр, адырларды төбе деп,
Төбелерді тау деседі біздің ел.
Экраннан Эверестке үздігер.
Обаны адыр, адырларды төбе деп,
Төбелерді тау деседі біздің ел.
Тартыспай
ақ Ғамзатовтай көкеммен,
Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен,
Осы қырда төбешіктей Аналар,
Дүниеге таудай Ұлдар әкелген.
Ерліктері айналмайтын елеске,
Атыраудың алыбының бәрі есте.
«Ереуіл атқа ерін салған егесте»
Махамбеттің өзі бір тау емес пе?
Жанарында жасын ойнап керемет,
Жауған оққа қарсы шапқан, себелеп.
Санаң болса қалай ғана айтарсың,
Нысанбаев тау емес ед, төбе деп.
Тау ұлдары тауда нағыздай сырбаздай,
Жүздеріңде шабыт оты жүр маздай.
Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай,
Талай таулық кетер ме екен жыр жазбай...
Алты алаштың алыптары берсе дем,
Таусыз ғұмыр кешеріме мен сенем.
Биіктікті айналайын, туған ел,
Қыранының қанатымен өлшеген.
Бір құдірет тұла бойдытасқанда,
Құлаш ұрмайтауға, шыңға, асқарға,
Қыр баласы тауға қарап өспейді,
Қыр баласы қолсозады аспанға...
Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен,
Осы қырда төбешіктей Аналар,
Дүниеге таудай Ұлдар әкелген.
Ерліктері айналмайтын елеске,
Атыраудың алыбының бәрі есте.
«Ереуіл атқа ерін салған егесте»
Махамбеттің өзі бір тау емес пе?
Жанарында жасын ойнап керемет,
Жауған оққа қарсы шапқан, себелеп.
Санаң болса қалай ғана айтарсың,
Нысанбаев тау емес ед, төбе деп.
Тау ұлдары тауда нағыздай сырбаздай,
Жүздеріңде шабыт оты жүр маздай.
Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай,
Талай таулық кетер ме екен жыр жазбай...
Алты алаштың алыптары берсе дем,
Таусыз ғұмыр кешеріме мен сенем.
Биіктікті айналайын, туған ел,
Қыранының қанатымен өлшеген.
Бір құдірет тұла бойдытасқанда,
Құлаш ұрмайтауға, шыңға, асқарға,
Қыр баласы тауға қарап өспейді,
Қыр баласы қолсозады аспанға...
ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖЫР-ӘН
Мен
қазақпын, жүре алмайтын
Шаттанбаса, күлмесе.
Мен қазақпын,
Ішкен асын тастай салар жыр десе.
Мен қазақпын,
Ашуланып, талақ қылар тірлікті,
Шайға бола бір кесе...
Мен бұл күнде құл емеспін,
Күң емеспін, Азатпын!
Енді азатпын,
Басымыздан өткен талай тозақ күн.
Мен қазақпын,
Жалғыз атын сыйға арнайтын қонаққа,
Ертесіне қиналмайтын қазақпын.
Мен қазақпын,
Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен.
Мен қазақпын,
Азапты да, ғажапты да көп көрген.
Мен қазақпын,
Жүрегімде шырылдаған шындықты
Жасқамандар шоқпармен!...
Мен қазақпын, мен қазақпын,
Қазақпын деп айтам ән.
Халқым үшін қан додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тіберенсе,
Тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтұғын,
Арнасына сыймайтұғын қайтадан...
АСАН ҚАЙҒЫНЫ АҢСАУ
Шаттанбаса, күлмесе.
Мен қазақпын,
Ішкен асын тастай салар жыр десе.
Мен қазақпын,
Ашуланып, талақ қылар тірлікті,
Шайға бола бір кесе...
Мен бұл күнде құл емеспін,
Күң емеспін, Азатпын!
Енді азатпын,
Басымыздан өткен талай тозақ күн.
Мен қазақпын,
Жалғыз атын сыйға арнайтын қонаққа,
Ертесіне қиналмайтын қазақпын.
Мен қазақпын,
Басқа жанмын деп айтуға жоқ дәрмен.
Мен қазақпын,
Азапты да, ғажапты да көп көрген.
Мен қазақпын,
Жүрегімде шырылдаған шындықты
Жасқамандар шоқпармен!...
Мен қазақпын, мен қазақпын,
Қазақпын деп айтам ән.
Халқым үшін қан додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тіберенсе,
Тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтұғын,
Арнасына сыймайтұғын қайтадан...
АСАН ҚАЙҒЫНЫ АҢСАУ
Азалдан біздің бабамыз қазақ
Болған-ау, сірә, қыр кезбе,
Даламның төсін қоныстай берген
Тайпалар кезіп жыл өзге.
Дендерім менің, кең жерім менің,
Көлдерім, қырат – белдерім.
Аса қайғы атам өтіпті сеннен
«Жерұйықты» іздеп бір кезде.
Қайырмасы:
Одан
соң талай ғасырлар өлді,
Жүйткіді
жылдар сайтандай.
Төсінде
сордың өніп келеміз
Кем-кетігіміз
байқалмай.
Асан
қайғы атам хабарсыз кетті
Ізім
де қайым жоғалып,
Аттанған
сонау атышулы бір
«Іс
сапарынан» қайта алмай.
Асанқайғы атам неге кешікті,
Кезікпеді ме гүл – мекен?!
Ел айтушы еді бекерден-бекер
Кешікпейді деп бұл көкем.
Атоммен жемдеп корабльдерін
Күрлеген біздің ғасырға,
Желден де жүйрік желмаясы,әлде,
Жете алмай қалып жүр ме екен?!
Қайырмасы:
Жерұйық жайлы осы бір аңыз
Санама шуақ құйғасын,
Түсімде бойлай желмая көрем
Сүйреткен жерге бұйдасын.
Жұмаққа жұртын жеткізем деген
Кешікті неге Асан би,
Сезінді ме екен қазақтың, әлдиі
Атакүлдігін қимасын...
ТАБЫЛДЫҢ ӘНІ
Атыңды
сенің айтамын ән қылып неге,
«Қозым-ау», - деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Оянбай қалам,
Бұл шындық, ұрыспа қарғам,
Шөлмек – тірліктің белгілі құлай сынары...
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып егіліп, жылайсың әлі.
Жүректе – ызғар, баста – мұң, көңілде – қырау,
Оңайма, жаным, кеуденді қайғы ауыртқасын?
Жүретін кезін бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?
Басымнан ұштың, бақытым, базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған...
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
«Қозым-ау», - деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Бәлкім, оянып кетермін...
«Қозым-ау», - деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Оянбай қалам,
Бұл шындық, ұрыспа қарғам,
Шөлмек – тірліктің белгілі құлай сынары...
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,
Бауырыңа басып егіліп, жылайсың әлі.
Жүректе – ызғар, баста – мұң, көңілде – қырау,
Оңайма, жаным, кеуденді қайғы ауыртқасын?
Жүретін кезін бола ма өмірде мынау,
Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?
Басымнан ұштың, бақытым, базарым едің,
Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан?
Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім,
Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған...
Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,
«Қозым-ау», - деші күлімдеп Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ай мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.
Бәлкім, оянып кетермін...
Комментариев нет:
Отправить комментарий